Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан — жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол — көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол — көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.
Мектепке барар жолдағы қауіпсіздікті сақтай білмеудің салдары орны толмас өкінішке ұрындыруы мүмкін.Бала қауіпсіздігі — басты назарда! Сондықтан да жол қауіпсіздік ережесін үйрету — біздің парызымыз. Құрметті жүргізуші!
Жол қауіпсіздік ережесін, сақтай біл! Ережеге бағынып, жылдамдықты асырма!